Жаңалықтар

Созақ: Аудандық мәслихатқа үміткерлер тұрғындарды "Nur Otan-ға" дауыс беруге шақырды

Созақ: Аудандық мәслихатқа үміткерлер тұрғындарды "Nur Otan-ға" дауыс беруге шақырды

 width= "Nur Otan" партиясынан Созақ аудандық мәслихатына кандидаттар Р.Әлжанов пен Б.Қордашбеков "Ақ Жол" ЖШС ұжымымен кездесу өткізді. Үміткерлер жерлестерді 2021 жылдың 10-қаңтарына белгіленген ҚР Парламенті Мәжілісі пен жергілікті мәслихаттар сайлауына белсенді қатысып, онда еліміздегі жетекші партия - "Nur Otan"-ға дауыс беруге шақырды.  width= Республика, Түркістан облысы, Созақ ауданының алдағы сайлау кезеңі - 5 жылға арналған сайлауалды бағдарламалармен таныстырды, үгіт-насихат материалдарын табыс етті. Өз кезегінде серіктестік қызметкерлері елімізде жүргізіліп жатқан істерді көздерімен көріп отырғандығын, алдағы сайлауда дұрыс таңдау жасайтындықтарына сендірді. «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді.