Робот арқылы биржа ойнатам, деп 1000 доллардан айрылған
Робот арқылы биржа ойнатам, деп 1000 доллардан айрылған

Бақытжан ЕРБОЛ қала тұрғыны: «Москвадан звандады. Осындай біз мықты компаниямыз, бізге ақша салыңыз, біз биржада ойнаймыз, біз теңдесі жоқ инновациялық робот шығарғанбыз, сол робот сенің орныңа сауда жасайды, биржада ойнайды. Мен сол компанияға сеніп мың доллардай ақша салдым. Шыны керек, алданып қалдым».Сонымен қатар әлеуметтік желіні жақсы меңгергендер "азын-аулақ ақша салып, бірнеше есе көбейтіп бірер күннің ішінде аласың" деп те үндеу тастайды екен. Мамандар ғаламтор шексіз болғандықтан, оның қай жақтан бастау алатындығы да белгісіз дейді. Өйткені, танысының жазбасына сеніп, жаңылғандар жетерлік.
Ернар ОРАЗБАЕВ - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі департамент Директорының орынбасары: «Карантин кезінде қаржы алаяқтары азаматтардан ақша табудың әр түрлі схемаларымен айлакерлік танытып көрсетіп отыр. Қаржы пирамидаларының жұмыс істеуі қандай, қызметтердің түріне жабынып жұмыс істеу мүмкіндігі туралы біз ашық және көптеген ақпараттарды таратып түсіндіріп отырамыз».Қаржы пирамидасынан зардап шеккен тұлғалар полицияға шағым түсірген жағдайда қылмыстық іс тоқтатылатынын айтады. Себебі қылмыстың құрамы жоқ. Өйткені жұртшылық ақшасын ерікті тұрде салғандықтан, қылымыс болып саналмайды екен. Сондықтан адвокат жалдап азаматтық сотқа жүгінуге мәжбүр болады. Осыған орай қаржы пирамидаларына тосқауыл қою үшін мемлекеттік деңгейде ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, түсіндіру жұмыстары қолға алынған.