Бір отбасының бес бірдей адамын қырып салған күдіктілер ұсталды

22 Мамыр, 2019 674 0

NewsROOM+. Самарқанд облысында бір отбасының бес адамын бірдей өлтірген күдіктілер ұсталды деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.

"Тергеу ісі нәтижесінде құқық қорғау органдарының өкілдері қылмысқа қатысы бар деген төрт күдіктіні ұстады. Олар Самарқанд облысында тұратын 1981, 1995, 1993 және 1996 жылы туған азаматтар",- делінген баспасөз хабарламасында.

Ұсталғандардың бәрі жұмыссыз. Олардың мақсаты - қаза тапқан отбасы мүшелерінің ақшасы мен бағалы заттарын алу болған.

Бас прокуратураның мәліметінше, төрт жұмыссыз 15 мамырға қараған түні А.Х. деген марқұмның үйіне кіріп, оны ұйықтап жатқан жерінен темір шоқпармен ұрып, үйінен 22 млн сум (2600 мың доллар) мен Samsung Galaxy A8 телефонын ұрлап алып кеткен.

Олар қылмысын жасыру үшін қаза тапқан отбасына тиесілі көлікке мәйіттерді тиеп, Кошрабат ауданы шетінде апарып тастаған. Көлікті де сонда қалдырып кеткен.

Осыған дейін Самарқанд облысы, Иштихан ауданында 1969 жылы туған отағасы мен 1974 жылы туған әйелі және үш баласын қастандықпен өлтіріп кеткені туралы ақпарат жарияланған.


serke.org


Тегтер: отбасы, пышақ, тергеу, қылмыс

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.