Же, шапаным, же!

22 Мамыр, 2019 545 0

NewsROOM+. Мəскеуде Қазақстан атынан үлкен қызметте бір апай істейді екен. Сол кісі қайбір жылы Алматыға келеді. Үйінен қоқыс төгуге шығады. Аула болғасын үстіндегі халатымен,  аяғындағы сүйретпесімен  шыға салады. Апай инсульт алып, қоқыстың қасында құлайды. Құдайға қараған адам жедел жəрдем шақырып, апайды салып жібереді.

Апайды "палатада орын жоқ" деп дəлізге жатқызады. Дəрігерлер дұрыс қарамапты. Апай "Мəскеуде тұратын қазақ едім. Сонда осындай қызметтемін. Палатадан орын тауып бермейсіздер ме, өтініш? Дəрігерлер де дұрыс қарамай жатыр" десе, "Мына бомж "Мəскеуде тұрам" дейді. Мұны қоқыстың қасынан əкелген. Мəскеуді түсінде көрген ғой. "Жақсы қызметтемін" дейді. Хи-хи" деп дəрігерлер апайды мазақ етіпті. Апай телефон тауып, Денсаулық сақтау министрімен сөйлеседі. Естуімше, министр аурухананың бас дəрігерін, орынбасарын сол сəтте орнынан алып тастайды. 

Мойындайық, мойындамайық, адамды  киіммен қабылдау, қызметімен қабылдау біздің қоғамның трагедиясы.

Аягүл МАНТАЙДЫҢ фейсбук парақшасынан алынды

Тегтер: алматы, больница, дәрігер

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.