Тәуелсіздік күні студенттермен кездесу өтті
Тәуелсіздік күні студенттермен кездесу өтті
2020 жылдың 16 желтоқсанында "Nur Otan" партиясы Кеген аудандық филиалы жанынан құрылған сайлауалды штабы Кеген ауданының Жалаңаш ауылдық округінде орналасқан Көлсай кәсіптік - техникалық колледжінің студенттерімен кездесу өткізіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Елбасының "Болашақ - жастардың қолында" дегенін еске алсақ, болашақ мамандар, студенттердің ел мен жер үшін сіңіретін еңбегі көп. Дәл осы сайлау кезінде олардың белсенділігі, қажыр-қайраты керек. Жастар мәселесіндегі негізгі мәселе көтеріліп, өзекті сұрақтарға жауап берілді.
Сондай-ақ 2021 жылы 10-қаңтарда өтетін Қазақстан Республикасының парламент мәжілісі және мәслихаты депуттарының сайлауында "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Кеген аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді