Жоғалып кеткен 15 жасар қыз жігітіне кетіп қалған
Жоғалып кеткен 15 жасар қыз жігітіне кетіп қалған

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, Облыстық ПД Баспасөз хатшысы: «Қыз әлеуметтік желі арқылы бір жігітпен хат алмасып жүріп, соған қашып кетеді. Қазір қыз аман-сау ата-анасына оралды. Өз кезегінде ПД қызметкерлері ата-аналардан өтініп сұрайтымыз, әр балаға көңіл бөліп әлеуметтік желіде олар кіммен араласып, хат алмасып тұратынын білу қажет».Аз ба, көп пе қайдам, соңғы екі айда елде, дәлірек Шымкент, Қостанай, Алматы және Ақтөбе қалаларында осы сарындағы онға жуық дерек тіркеліпті. Дегенмен, бұдан да көп болуы бек мүмкін. Бұл тек назарымызға ілінгендері ғана. Күздің алғашқы айында ел-жұрттың төбесін тік тұрғызған ақтөбелік қос ғашық есіңізде болар?
Қыздың анасы: «Қыздың қандай жағдайда болғанын білуім менің міндетім. Үйге қыз қонбағасын. Екеуі бір-бірін жақсы көріп қашты, жыныстық қатынасқа түсті».Сезімге ерік беріп, жүректің әміріне бағынған 17 жасар бозбала өзінен екі жас кіші қызбен жыныстық қатынасқа түскен деп айыпталған еді.
Анар ҚОШАНОВА, Күдіктінің анасы «Қаншама өзі кішкентай балаларды зорлаған, мусорға лақтырып кеткендері де бар. осыларды неге жазаламайды? Баламның не жазығы бар? Шынайы махаббатпен ол түрмеге отырғызуға бола ма баланы?»Алайда, оң-солын ажыратпаған қыздардың үйден қашуына махаббат қана түрткі болмайды екен. Білетендер, бұған ғашықтық емес, ата-ана мен бала арасындағы қашықтық себеп дейді.
Анаргүл ИБРАИМБЕКОВА, Психолог: «Көп жағдайда осы жерде ата-ана тарапынан түсініспеушілік болған жайдайда бала үйден қашуға соған жақын болып жатады. Басқа адамдардан жылулық іздейді. Басқа адамдардан көңіл бөлушілікті іздейді».