Мылқаулардың тілін дыбысқа айналдыратын құрылғы жасады

Мылқаулардың тілін дыбысқа айналдыратын құрылғы жасады

ашық дереккөзі

[caption id="attachment_38424" align="alignnone" width="2560"] width= Smiling deaf woman learning sign language[/caption] Алматылық өнертапқыш мылқауларға арналған құрылғы ойлап тапты. "Ақылды қолғап" деп аталады. Ымдау тілін дыбысқа айналдырып, қамкөңіл жандардың кез-келген жерде аудармашының көмегінсіз тіл табысуына жәрдем бермек. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Жанарыс Иманқожаев электроника саласының мамандығын таңдапты. Мектеп жасынан робот жасаумен айналысқан оған, шетелдік көрмеге барғанда мылқаулармен тілдесетін құрылғы жасау жайлы ой келген. Осылайша құрылғынының құрылымын кірісіп, бір ай уақытын сарп етіпті.

 Жанарыс ИМАНҚОЖАЕВ, өнертапқыш: Бұл құрылғының жұмыс істеу принцпі: ол арнайы датчиктер арқылы қолдың қайда тұрғанын сезеді. Сол әртүрлі жесттерді көрсеткен кезде цифровой магнитафонның арқасында дауыс қылып шығарады".  
Құрылғыға қажетті заттардың дені елімізде шығарылмайтындықтан шет елден тапсырып беруге тура келіпті. Бір қолбақтың өзін жасауға шамамен 100 мың теңге кеткен. Идея авторының айтуынша, бұл құрал - мылқау, есту қабілеті нашар жандарға сауда орындары мен ауруханаларда, тағы басқа жерлерде сурдоаудармашының көмегінсіз тілдесуге мүмкіндік береді екен. Майра Әбділда үш баланың анасы. Туғанынан есту қабілеті нашар. Сондықтан күйеуімен және сала мамандарымен ымдау тілі арқылы сөйлеседі. Ауруханаға, тұрғын үй басқармасына пәтер кезегіне тұру үшін барған кезде мамандардың айтқандарын түсінбей, қиналыпты. Басы ауырып, балтыры сыздағанда да дәрігерге қай жері жанына батып тұрғанын ұғындыра алмайды екен. Сондықтан үнемі сурдоаудармашының көмегіне жүгінуге мәжбүр. Тіпті, онлай сабақ оқытқан  кезде де өзі де түсінбей, баласына да жеткізе алмай шарадай басы шақшадай болатынны жасырмайды. Бұл құрылғы жақсы жұмыс істейтін болса, оны пайдалануға әзірмін дейді.
Айнұр МҰРАТБЕКОВА, сурдоаудармашы: Мәселен, біз сөйлеген кезімізде орыс тілінде басқаша, ағылшынша басқаша сөйлейміз. Ымдау тілінде де әр елдің өзінің ымдау, көрсету тілі бар. Тек қазақ тілі мен орыс тілінің ымдау тілі бірдей келеді".
Жанарыстың туындысы әзірге тек орыс тілінде ғана жұмыс істейді. Алдағы уақытта мылқауларға тілдесу оңай болу үшін "ақылды қолғаптың" екіншісін жасап, бірнеше тілде қызмет көрсетуді көздейді.
Жанарыс ИМАНҚОЖАЕВ, Өнертапқыш: Әртүрлі тілдерді ЗD картаға сақтап қойдық. Басқа тілге ауыстырғысы келсе басқа тілдегі ЗD картаны салатын болады. Бөлек памятьпен". Өнертапқыш, құрылғыны әлі де жетілдіре түсу қажеттігін айтады. Өнім қолдануға әзір болғанда оның әділет органдарында тіркеп, авторлық құжаттарын алмақ. Қолданысқа еніп жатса, мүмкіндігі шектеулі жандарға пайдасы тиеді дейді.
 

Жүктелуде...