Алматы қаласында Елбасы кітапханасының «Елбасы. Жастар. Жасампаздық» жобасы іске қосылмақ

21 Мамыр, 2019 961 0

NewsROOM+. 2019 жылдың 23 мамырында, сағ. 10.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Елбасы. Жастар. Жасампаздық» көшпелі ақпараттық-имидждік жобасының ашылу салтанаты өтеді. Жоба атауы Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауымен тығыз байланысты.

Жоба тұсаукесерінде ҚР Мемлекеттік күзетінің Президенттік оркестріарнайы дайындаған плац-концерттік бағдараламамен өнерін паш етеді. АлҚР Мемлекеттік күзеті қызметі Құрмет қарауылының ротасыжұртшылықтың назарына әскери дефилесін ұсынбақ.

«Елбасы. Жастар. Жасампаздық» жылжымалы ақпараттық-имидждік жобасының аясында сағат 11.40-та Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов профессор-оқытушылар қауымымен, докторанттар мен магистранттармен, студенттермен кездесіп, дәріс оқиды. Дәл осындай шара 16.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде қайталанып,24 мамырда, сағат 10.00-де Қазақ ұлттық аграрлық университетінде өтеді.

«Елбасы. Жастар. Жасампаздық» жылжымалы ақпараттық-имидждік жобасы Елбасының жасампаз, шығармашыл идеялары мен бастамаларын дәріптеуге, қалың жұртшылыққа бірегей қорды көрсетуге және насихаттауға, экскурсияларды ұйымдастырудың әдістерін дамытуға, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметін таныстыруға бағытталған.

Жоба аясында«Жастар – ұлт тірегі»кешенді көрмесіқойылып, Елбасы кітапханасындағы архив, музей және кітапхана жинақтарының материалдары таныстырылады.

Көшпелі ақпараттық-имидждік жобаның аясында «Н.Назарбаев – жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы», «Қазақстан халқы Ассамблеясы және Елбасы», «Ұлы даланың қазынасы – «Алтын адам», «Спортивная слава Казахстана»көшпелі экскурсиялары жүргізіледі. Олардың аясында қатысушылар бірегей жәдігерлермен танысу мүмкіндігіне қол жеткізеді.

Тегтер: назарбаев, жастаржылы, елбасы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.