Қазақстандық генерал-майор пара алғаны үшін сотталды
Қазақстандық генерал-майор пара алғаны үшін сотталды

«2019 жылдың мамыр айында Көпбаевтың Ақтөбе қаласындағы «Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты» РММ-ға офицерлік лауазымға тағайындағаны үшін 200 мың теңге сомасында пара алғаны анықталды. Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен Көпбаев мемлекеттік қызметте өмір бойына лауазым атқару құқығынан және 5 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген ведомство мәліметінде.Сонымен бірге, сот Қазақстан Республикасы Президентінің атына Көпбаевты генерал-майор әскери атағынан және «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізген.