«Қыз Жібек» фильміне 50 жыл!
«Қыз Жібек» фильміне 50 жыл!

«Тәуелсіздікке дейін талай қиындықты бастан өткердік. Біз бұл күнге аңсап жеткен халықпыз. Мамандығыма келер болсам, қиын да күрделі жұмыс бізде. «Қыз Жібектегі» жалғыз дыбысты қадағалайтын мен. Ал, оның өзі үлкен жауапкершілік. Техника ескі. Ебін тауып, әрекет етуден басқа амал да жоқ. Алайда, еңбегіміз тасада қалып қоя беретіні тағы бар. Бәлкім, кадрден тыс қызметте болғандығымыздан шығар», - дейді Қадыр Нұрахметұлы.Және де осы шарада Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова Президент жарлығы бойынша мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар мәдениет саласы қызметкерлеріне тиісті марапаттарын табыстады.