Головкин – Альварес. Мексикалық үшінші жекпе-жекке келісті
Головкин – Альварес. Мексикалық үшінші жекпе-жекке келісті

«Мен ешкімнен қашпаймын. Өңкей кіл мықтылармен жұдырықтасатынымды тағы білесіздер. Головкинмен кездесу өткізуге мүмкіндік болса, мен қабыл аламын, тас түйін дайынмын», - деп сөзін қорытындылады «Канело».Спорт сарапшыларының мәліметінше, алдағы жекпе-жекте Альварес 45 миллион доллар, Головкин 30 миллион доллар көлемінде гонорарға кенеледі. Айта кетейік, қос боксшы бұған дейін екі рет кездесті. Бірінші ұрыс тең аяқталса, екінші жекпе-жекте «Канело» төрешілердің шешімі бойынша қазақстандықтан басым түсті.