Қару-жарақ дүкенінде жарылыс болды
Қару-жарақ дүкенінде жарылыс болды

"Алдын ала мәліметтер бойынша, 57 жастағы марқұм "Таргет" дүкенінің сатушысы болған. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр", - деді ІІБ өкілі.
"Бішкек Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығына беті мен аяқ-қолын күйік шалған үш адам жатқызылды. Жедел жәрдемнің бір бригадасы оқиға болған жерде қалды, өйткені ТЖМ қызметкерлері төртінші зардап шеккен адамды іздестірді. Бұл полиция хабарлаған қата тапқан қызметкер болуы керек", - деп хабарлады жедел жәрдем өкілдері.Өрттің шыққанын желіге видео салған куәгерлер хабарлаған. Ол жерге үш өрт сөндіру бөлімі жіберілді. Тілсіз жау сағат 11:27-де ауыздықталды.