Орта салмақта IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні, сондай-ақ ықтимал қарсыласының есімі белгілі болды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.
The Athletic хабарлауынша, келер жылдың көктемінде Головкин мексикалық Хайме Мунгиямен (36-0, 29 КО) кездеседі. Мунгиядан бөлек GGG Мексикалық чемпион Сауль «Канело» Альвареспен (53-1-2, 36 КО) үшінші жекпе-жек өткізуі әбден мүмкін.
Еске салайық, Головкин АҚШ-та міндетті қарсыласы Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) жеңіп, өзінің атағын сәтті қорғады. Бүгін отандасымыз чемпиондық белдігін 21-мәрте сәтті қорғап, аты аңызға айналған американдық Бернард Хопкинстің рекордын жаңартты.