Оралда 4 жасар қыз төртінші қабаттан құлап кетті

20 Мамыр, 2019 460 0

NewsROOM+. Оралда 4 жасар қыз бала төртінші қабаттан құлап, өлім аузынан қалды, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға 19 мамыр күні болған. 2015 жылы дүниеге келген сәби дәрігерлердің көмегімен аман қалды. Жедел жәрдем көлігі оқиға орнына бес минуттың ішінде барып, бүлдіршінге дер кезінде көмек көрсеткен.

«Нейрохирург қарап, бас пен мидың жарақаты жоқ деп тапты. Облыстық балалар ауруханасына жеткізілген бүлдіршіннің жағдайы орташа ауыр», - деді Сақпосынова.

Тегтер: орал, жаңалықтар, қыз, жедел-жәрдем

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.