Жаңа-жыл қарсаңында мейрамханалар жабылмайды
Жаңа-жыл қарсаңында мейрамханалар жабылмайды

"Көпшілік, жаңа жылдық, ұжымдық (корпоративтік) іс-шаралар, конкурстар (интерактивті іс-шаралардан басқа), билерді өткізбей (өз үстелінен шықпай) бір үстелге 4-6 адамнан аспайтын мөлшерде отырғызып, көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және толтырылуын отыратын орындар санының 50%-нан асырмаған жағдайда 2020 жылғы 31 желтоқсаннан 2021 жылғы 01 қаңтарға қараған түні қоғамдық тамақтандыру объектілеріне сағат 07.00-ден 04.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілсін. 2021 жылғы 02 қаңтарда қоғамдық тамақтандыру объектілері үшін бұрын белгіленген жұмыс режимі сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін сақталады, 2021 жылғы 03 қаңтарда көрсетілген объектілердің жұмысы тоқтатылады", – делінген қаулыда.Сонымен бірге, жексенбіні қоспағанда, басқа күндері қоғамдық тамақтандыру мекемелеріне сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.