Түрмеден шығып анасын пышақтаған жігіт: бұрын өз әкесін өлтірген екен
Түрмеден шығып анасын пышақтаған жігіт: бұрын өз әкесін өлтірген екен

"Тергеушілердің айтуынша, 16 желтоқсанда ер адамға 74 жастағы анасы 2008 жылы әкесін өлтіргені туралы айтқан соң, ашуға бой алдырған ол қарияның кеудесіне ас үй пышағын сұғып алған. Қарт әйел сол жерде жан тапсырған", – делінген хабарламада.Тергеушілер қылмыс кезінде 47 жастағы ер адамның қатты мас болғанын атап өтті. Арада төрт сағат өткен соң ол полицияға өзі хабарласқан.
"Күдіктінің бір жарым жыл бұрын түрмеден шыққаны анықталды. Ол әкесін өлтіргені үшін 10 жыл бойы жазасын өтеген", – деп хабарлады тергеу комитеті.