Белгілі әнші Рүстем Жүгінісов үшінші рет әке атанды
Белгілі әнші Рүстем Жүгінісов үшінші рет әке атанды

"Аллаға шүкір! Өміріміздің жалғасы Осман ұлымды қолыма алып қуанышымда шек болмай тұр! Барлығыңызға осындай қуаныш жұғысты болсын! Османдай батырды тоғыз ай көтеріп, аман-есен босанған аяулы жарыма мың алғыс!", - деп жазған ол инстаграм парақшасында.Әншінің оқырмандары жұлдыздың қуанышына ортақтасып, ақ тілектерін жаудырды. "Бауы берік болсын", "Құтты болсын", "Ғұмырлы болсын", "Керемет", "Осы келін өте ақылды, домбыраны қалай шертеді", - деп жазған пікір қалдырушылар. Рүстемнің ұлды болғанын естіген продюсер әрі медиаменеджер Алпамыс Шаримов те әншіге құттықтау пікір қалдырған.