Қазақстандық патриотизм: артық сөзден – нақты іске

16 Мамыр, 2019 558 0

15 мамырда басталған семинар-тренингке Батыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан облыстары мектептерінен келген 57 жоғары сынып оқушылары қатысты. Оқушылар оқу барысында еліміздің басты құжаттары туралы ақпарат алумен қатар тәжірибелік тренингтерге, пікірталасқа, әлеуметтік жобаларды әзірлеуге қатысып, алған білімдерін толықтырды. Мазмұнды оқу бағдарлама елорда музейлеріне экскурсиялармен және «Қазақстанның 100 жаңа есімі» әлеуметтік жобасы бойынша танымал болған азаматтармен кездесумен сүйемелденді. Кездесудің басты мақсаты - Тәуелсіздік жылдары еліміздің дамуына қомақты үлестерін қосқан азаматтардың нақты табысқа жету үлгілері негізінде табыстылық, бәсекеге қабілет, прагматизм және білімнің салтанат құруы идеяларын ілгерілету.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы «ғылым» номинациясының жеңімпазы Әмір Қуат пен «қоғам» номинациясының жеңімпазы Бахтияр Базарбеков семинар-тренинг қатысушыларына табысты болу оқиғаларын таныстырды.   

Әмір Қуаттың музыка мен ғылымға деген ынтасы мен бейімділігі бала кезінен байқалыпты. Ол 6 аспапта ойнайды, ақындығы мен сазгерлігі де бар. Ғылыми қызметін 14 жасында адам ағзасының биологиялық әлеуетін және гелиофизикалық факторлардың оларға ықпалын зерттеуден бастапты. Зерттеу қорытындысы бойынша факторлар мен адамдар жол беретін орны толмас қателер арасындағы заңдылықты тауыпты. Бұл оның ғылыми жұмысында көрініс тауып, нәтижесінде өндіріс пен жұмыс орындарында өлім-жітім мен жарақаттанушылықты нақты төмендетуге бағытталған авторлық «БИОВ» атты қауіпсіздік техникасының жүйесін құрды. Әмір өз әзірленімін 2010 жылы Санкт-Петербургте өткен VIIІ өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша халықаралық форумда ұсынды. Оның әзірленімі форум төрағасы, Химиктердің америкалық қоғамы еңбекті қорғау мен қауіпсіздік департаментінің басшысы Нил Лангерман тарапынан жоғары бағаға ие болды.  

Қазіргі уақытта «БИОВ» жүйесі Мемлекетаралық авиация комитетінде, KEGOC», «ERG» компанияларында, ҚР Қорғаныс министрлігі Мемлекеттік авиациясында ұшулар қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын Бас басқармада, ҚР Таэквондо Федерациясында қолданылады. Осы жүйе Пекин олимпиадасында Қазақстан құрамасының қоржынына қола медальдің келуіне көмектесті, өйткені жоғарыда аталған әдістеме допинг қолданбай ағзаның энергетикалық қорларын сақтауға және спортшылардың жарақат алуына жол бермейді.   Әмір АҚШ пен Италияға жұмысқа шақырылыпты, бірақ ол туған еліне қызмет етемін деп шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта өнертапқыш 0,4 кВт транформаторлармен салыстырғанда техникалық ысырап деңгейін 625 есеге дейін төмендетуге мүмкіндік беретін құрғақ модулдік трансформатор өнертабысына патент алды. Сондай-ақ, ол ауыз суды үнемдеу саласындағы ең соңғы үлгідегі технологияларды әзірлеумен және суды пайдалануды 200 есеге дейін азайтатын тұрмыстық салалардың технологиялық үдерісінде ауыз суды пайдалануды төмендетумен айналысады.

Бахтияр Базарбековті оның бес пайыздық көру қабілетіне қарамастан шектеусіз мүмкіндіктің адамы деп атауға болады. Ол – қоғам қайраткері, спортшы, нашар көретін және зағип жандардың «Шектеусіз спорт» әлеуметтік жобасының жетекшісі, «Анашым» көз көру бойынша мүгедек балалар мен жастарды қолдау қорының бас директоры.

Бахтияр нашар көретін және зағип жандардың 3 бірегей веломарафонын ұйымдастырып, өткізді: Алматы – Нұр-Сұлтан («2 астана»), Алматы – Ыстықкөл («Елдер арасындағы көпір»), Халықаралық «Blind Race» Astana – Paris» веломарафоны (Нұр-Сұлтан - Париж).

Спикер олар ұйымдастырған веломарафондардың – ынталандыру алаңын құру мен басқа елдердің қоғамдық ұйымдарымен тәжірибе алмасуға бағытталған патриоттық бастама болып табылатынын атап өтті. Бұл – әлеуметтендіруге, мүгедек жандарға тең жағдай жасап, олардың бәсекеге қабылетін арттыру сынды маңызды миссияны орындайтын әлемдік деңгейдегі теңдессіз жоба.

Өзіңе сену, қиындыққа ешқашан да мойымау, қай істе де үздік атану және өз Отаныңда бақытты болу - қонақтар ұсынған таныстырылымдардың жалпы мағынасы осылай болды.


Тегтер: елбасы, кітапхана, отан, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.