Ашғабадта жұма намазда президенттің дұшпандарына қарғыс айтылды

20 Мамыр, 2019 648 0

NewsROOM+. Ашғабадта имамдар жұма намаздан кейінгі уағыздарда азаматтарды ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедовті сүюге шақырып, Құдайдан оған денсаулық, ұзақ өмір тіледі. Бұл жайында жұма намазға қатысқан Азаттықтың түркімен қызметінің тілшісі хабарлайды.

"Жұма намаздан кейін имам президентті мақтай бастады. Ол біздің жетістігіміздің бәрі мемлекет басшысының саясатының арқасында болып жатқанын айтты. Одан соң президентті пайғамбар сияқты сүюге шақырды", - дейді тілші.

Уағызда президенттің дұшпандарына қарғыс айтылған.

Тілшінің хабарлауынша, жұма намазға жиналғандардың дені уағызды мемлекеттік идеологияның құралы ретінде пайдаланып жатқанына наразы болған. Көбі бір-біріне сыбырлап, "тағы бастады" деген.

Дереккөз: centralasian.org


Тегтер: ашғабад, ГурбангулыБердімұхамедов

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.