Порошенко Зеленскийдің ұлықтау рәсімінен кейін сотталуы мүмкін

20 Мамыр, 2019 511 0

NewsROOM+. Петр Порошенконың үстінен Владимир Зеленскийдің ұлықтау рәсімінен кейін сотталуы мүмкін қылмыстық іс қозғалмақ. Бұл туралы Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичтың көмекшісі Андрей Портнов хабарлады. 

«Зеленский президенттік қызметіне кіріскен сәтінен бастап, біз заң саласының үлкен тобы болып Порошенконың жасаған қылмыстарына байланысты арыз түсіруді бастаймыз. Сонымен қатар аталған іске қатысы бар оның командасын да жауапқа тартуды көздеп отырмыз»,  –  дейді Андрей Портнов.

Еске сала кетейік, бүгін сағат 15:00-де Украина президенттігіне Владимир Зеленскийді ұлықтау рәсімі өтеді. 

Дереккөз: news.rambler.ru

Тегтер: ПетрПорошенко, сот, украина, президент

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.