Дәретханада19 жастағы жігітке жабылып, аяусыз соққыға жыққан
Дәретханада19 жастағы жігітке жабылып, аяусыз соққыға жыққан

"Төрт жігіт 19 жастағы Аңсаған Садуды дәретханаға бару үшін сыртқа шыққан кезде аяусыз соққыға жықты. Жігіт үйіне сүйретіліп әзер жеткен", - делінген жазбада.Жазбамен қоса соққыға жығылып, сау жері қалмаған жігіттің фотосуреті де жарияланыпты. Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы жәбірленушіге көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Оған қоса, операциядан кейін жас жігіт жара орындары мен басының ауыратынына шағымданғаны айтылды. Облыстық полиция департаменті факті бойынша "денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Барлық күдіктілер қамауға алынған.