Колумбияда мерекелік концерт кезінде жарылыс болды

20 Мамыр, 2019 372 0

NewsROOM+. Колумбияның солтүстік шығысында мерекелік концерт кезінде граната жарылып, кем дегенде жеті адам зардап шеккен. Бұл туралы vesti.ru хабарлайды.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, жарылыс жексенбі күні Теорама қаласында таңғы уақытта болған. Муниципалитеттің 207 жылдығына арналған концертте белгісіз біреу жиналған топқа граната лақтырған. Салдарынан екі әскери қызметші және бес азамат жарақаттанды. Зардап шегушілерге дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда, жергілікті билік органдары оқыс оқиғаға байланысты тергеу жумыстарын бастап кетті.

Дереккөз: sn.kz

Тегтер: колумбия, жарылыс, концерт

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.