Индонезиядағы сайлау туралы не білеміз?

19 Мамыр, 2019 474 0

NewsROOM+. Ең қиын сайлау биыл 260 миллион халқы бар 17 мың аралдан тұратын архипелаг,  Индонезияда өтуде. Биылғы 17 сәуірде Президент, қос палаталы Ұлттық консультативтік конгресс депутаттары, өңірлік және жергілікті органдар сайлауларына бір уақытта дауыс берілді.245 мың кандидат ұлттық, өңірлік және жергілікті заңнамалық органдардағы 20 мың орын үшін сайлауға қатысты. Дауыс берушілер 200  миллиондай деп есептелінуде.  

Президенттікке бүгінгі Президент Джоко Видодо (француз досы Джокови деп атағандықтан осы лақап аты ресми түрде пайдалынылады.) Және отставкадағы генерал-лейтенант Прабово Субианто (Сухартоның күйеу баласы) таласуда. Осыдан 5 жыл бұрын 2014 жылы осы екеуі билікке таласып, Джокови жеңіп кеткен болатын. Джоковидің жеңіске жететінін (көп Елшілер оны тіптен жеңетіндердің санағынан шығарып тастағанды) сайлаудан 6 ай бұрын болжап, осы фейсбукте ол туралы жазған едім. Джокови сіңірі шыққан кедейлер арасынан көтеріліп, ең жоғары билікке 53 жасында қол жеткізді. Ол Прабоводан 6,3% ғана артық дауыс алды. Сол жолы Индонезия демократиялық тұрғыдан дүниежүзіндегі 3-ші орынды иелетіндерін (1-ші орында Үндістан, 2-ші орында АҚШ) дәлелдеді.  Ол қызу доданы мұхият бақылау сол кездері Жакартада дипломатиялық қызметте жүрген мен үшін ең бір үлкен мектеп болған еді.  Бұ№л сайлаулардың нәтижесі 22 мамырда жарияланбақшы. Индонезияда жоғары лауазымды билікке тұлғалар жұп болып таласады. Бұл жолы  вице-президенттікке исламдық ұйымның әлимі Мааруф Амин таңдалыныпты. Ол бұл лауазымға 90 миллион мүшесі бар "Надлатул Улама" деп аталатын үкіметтік емес исламдық ұйымның басшылығын тастап келіп отыр. 5 жыл бұрын Джокаидің жұбы мықты мемлекеттік қайраткер Юсуф Калла болған еді. 

Субианто Прабовоның жұбы Сандиаго Уно болыпты. Бұл жолы да сайлауда Джокови жеңетін болар деп ойлаймын. 12 әлеуметтік қызметтер таратқан әлеуметтік сұрақтарға келіп түскен жауаптар бойынша 54.5 пайыз сайлаушылар дауыстарын соларға берген делініп, артынша Джокови "жеңіске жеттік" деп жарияласа,  дәл солай Прабово да жеңіске жеткендерін жариялап үлгерген. 5 жыл бұрын да осындай жағдай орын алған еді. Оның арты Мысырдағыдай жағдайға ұласып кету қаупін төндіргенді. Индонезия оған жібермеді. Джокови бұл мерзім ішінде жыл сайын "ел экономикалық 7%-дық өсімін қамтамасыз етемін" деп берген уәдесін орындай алмады. Бірақ жыл сайын оны 5%-дық деңгейде ұстап отырды. Ол елге керекті энергетика, экономика, денсаулық сақтау мен білім беру салаларындағы маңызды реформаларды іске асыра алды. Энергетикалық субсидияларды қысқартты. Тікелей шетелдік инвестицияларды тарта білді. Нәтижесінде Дүниежүзілік банктің "Doing Business" рейтингісінде 2017 жылғымен салыстырғанда 19 пунктке көтеріліп, 190 елдің ішінен 72-ші орынды иеленді. Инфрақұрылымдық жобаларлы іске асырып, ЖІӨ-ді 2015 жылғы $2,937 триллионнан 2018 жылы $3,495 триллионға дейін жеткізді. Кумулятивтік эффект арқасында экономикалық және әлеуметтік оң салдарлар туындауда. ЖІӨ ақырындап, толассыз өсу үстінде. Жылдық бюджет дефициті қысқарып, 2918 жылы ЖІӨ-нің 1,76%-на дейін жетті.  

"Standard&Poor's" агенттігі Индонезияның егеменді несиелік тейтингісін инвестициялық деңгейге дейін көтерді. Осы жетістіктерді көріп отырған сайлаушылар Джоковиге тағы бір мерзім (2-ақ мерзім отыруға болады) отыруға рұқсат беруі әбден мүмкін.

Авторы: Мұрсал-Нәби Тұяқбаев

Тегтер: индонезия, сайлау

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.