Құны 8 миллион: Ақтаулық депутат балаларға өз ақшасына ойын алаңын салып берді

19 Мамыр, 2019 659 0

NewsROOM+. Ақтаулық азамат қала тұрғындарына балалар ойын алаңын салып берді. Аталған алаңның аумағы 300 шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды Stan.kz Хабар арнасына сілтеме жасап. 

Сондай-ақ, меценаттың ақшасына алаңның маңына ағаштан жасалған мүсіндер қойылған. Жобаның жалпы құны 8 миллион теңгені құрайды. 

«Балаға керектінің бәрі бар. Таза, жинақы және балалар үшін ыңғайлы. Осы уақытқа дейін алаңның орнында тек құм жататын еді. Шынымды айтсам, тез арада мұндай алаң салып береді деп күтпедім. Сол себепті біз ерекше қуаныштымыз. Бұрын-соңды баламен қайда барарымызды білмейтін едік», - дейді Ақтау қаласының тұрғыны Зейнегүл Маханова. 


Тегтер: ақтау, бала-бақша, ойыналаңы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.