Испания: "Орыс мафиясының" ісі бойынша қазақстандық азамат та ұсталды
NewsRoom
Испания: "Орыс мафиясының" ісі бойынша қазақстандық азамат та ұсталды
Испанияның полиция қызметкерлері 23 адамды ұстады. Олардың ішінде Қазақстан азаматы да бар деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, ұсталған азаматтар "орыс мафиясының" ақшасын жылыстатқан адамдар ретінде күдікке ілінген. "Ондағы полиция қызметкерлері істің мән-жайын хабарламай отыр. Бірақ бұл іс "Шығыс Еуропа мафиясына" қарсы кейінгі жылдардағы ең ірі операция.
Ұсталғандардың "иерархиялық деңгейі жоғары" екені белгілі болып отыр", - делінген хабарламада.
РИА Новостидің жазуынша, Қазақстан азаматынан бөлек, ұсталғандар арасында 8 Ресей азаматы, екі Украина, бір Алжир азаматы бар. Қалғандары испаниялықтар.