Түркістанда Халықаралық əуежайдың іргетасы қаланды

18 Мамыр, 2019 348 0

NewsROOM+. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Түркістан қаласына жасаған жұмыс сапары аясында облыс орталығында заманауи үлгідегі жаңа халықаралық əуежайдың іргетасы қаланды. Айтулы шараға орай Үкімет басшысы Асқар Мамин өзінің құттықтауын білдіріп маңызды нысанды уақытылы пайдалануға беру қажеттігін айтты.

Айта кету керек, Түркістан қаласынан 16 шақырым қашықтықта орналасқан əуежай құрылысын жүргізуді Туркияның белгілі «YDA» компаниясы өз мойындарына алған. Осы орайда компания басшысы Арслан Хусейн Үкімет басшысына терминалдың халықаралық жəне ішкі рейстерде сағатына 250 адам қабылдауға қауқарлы екендігін жеткізді. Əуежай салынатын Шаға елді мекенінің аумағындағы 900 гектар жерде терминал, ұшу-қону жолағы жəне де басқа да нысандар бой көтереді деп жоспарланған. Ал халықаралық əуежай 2020 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Облыс орталығында тұңғыш рет салынып жатқан əуежай толығымен заман талабына сай жабдықталатын болады.

Тегтер: түркістан, әуежай

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.