Әуежайдағы әжетханаға тастап кеткен бала 33 жылдан кейін анасын тапқан

18 Мамыр, 2019 672 0

NewsROOM+. Ұлыбританиялық Стивен Хайдты 33 жыл бұрын өзінің туған анасы Лондондағы Гатвик әуежайының әжетханасына тастап кеткен. Араға жылдар салып бала өз ата анасын тапты, деп хабаралайды Stan.kz.  

10 күндік сәбиді әуежайдың еден жуушысы тауып алған. Ол кезде баланың ата-анасын табу мүмкін болмаған. Баланың үстіндегі киімі мен бір орамал ғана қалдырған. Кейіннен баланы басқа бір отбасы асырап алып, Стивен Хайд деген есім берген.

Әуежайға тастап кеткен бала 33 жылдан кейін анасын тапқан. 18 жасқа толғаннан кейін Стивен биологиялық әке-шешесін іздеуге шешім қабылдаған. Осылайша ол өз әке-шешесін 15 жыл іздеген. Соңында тапқан. Бірақ анасы қайтыс болып кеткен. Ал әкесі бар екен. Және әке-шешесінен туған басқа бауырларын да тапқан.


Тегтер: әуежай, ана, бала

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.