Карантин күнделігі
Карантин күнделігі
3-4 күн бұрын бір әйел келген.
- Вы квартиранты да? Почему в подъезде курите?,-деп жұлқынып тұр. Мен подъезде темекі шекпейтінімді айтып, ақталып әлекпін. Полиция подполковнигімін дейді.
- Айналайын ау, темекінің маркасы да басқа ғой, менікі Esse, мынау басқа марка,-деймін. Қоймады. Дауласу ештеңеге әкелмейтінін түсіндім да, мақұл деп қоя салдым.
- Алдында келген Әсел ше, бірінші қабаттағы. Солар чат ашып жатыр екен. Азық-түлік, жеткізу мәселелері бойынша. Әселге хабарласыңызшы..
- Бала-шағаны ең болмаса подъезд алдына 15 минутқа алып шығуға бола ма?,-деді біреу. Шамасы жас отбасы секілді.
- У меня дома огроменная собака. Овчарка. Она уже сума сходит, ей побегать надо. Мне вот как быть с ней?! Полисадничек нас не устройт, потому что эта псина здоровая,-деді 42 пәтердегі Наталия шешей (ия, бүгіннен бастап ол кісіні солай атауды шештім).