Жазда жалаңаяқ жүрген жақсы

12 Маусым, 2018 1141 0

Жаз маусымында ағзаны шынықтыруға мүмкіндік мол.  Осы орайда сәтін салған жерде бір ауық жалаңаяқ жүру жайын да ұмытпау керек. Өйткені табанда  ағзаның ішкі жүйе мүшелерімен тікелей байланыстағы нүктелер көп. Оларға сырттай әсер ету арқылы денсаулықты жақсартуға болады.

Табандағы рефлекстік нүк­телердің арқасында ағза температурасы қалыпта ұсталады. Ғалымдар табанды мұздай суға батырғанда мұрындағы кілегей қабат тітіркеніп, оның температурасы бірнеше градус­қа төмендейтініне көз жет­кізген. Яғни суық аяқтан өтсе болды, ол тыныс жолдары арқылы білінетіні содан екен. Оның суықтауы шынықпаған адамдарда ағзаға түскен вирустардың күшейіп кетуін туындатады. (Дене температурасы қа­лыпты жағдайда мұндай вирус­тар бір-екі күнде өліп қалады).

Рефлексотерапевттердің па­йы­мынша, табанның ішкі ағза мүшелеріне байланысы мынадай:

- Табанның башпайлар жаққа жақын орта тұсы өкпемен байланысты;

- Табанның өз орта тұсы – жүрекпен;

- Үлкен башпайдың басталар тұсы – мимен және психикамен;

- Екінші башпайдың басталар тұсы омыртқамен, тірек-қимыл мүшелерімен;

- Үшінші башпай түбі – қан айналым жүйесімен, бұлшық еттермен;

- Төртінші башпай түбі асқазан және ұйқы безімен;

- Шынашақ түбі – бүйрекпен, несеп-жыныс жүйесімен;

- Табанның сыртқы жағының орта тұсы – өт қабымен;

- Табанның ішкі жоғарғы бе­тінің ортасы – бауырмен байланысты.

Осыларға қажетіне қарай жылумен, массажбен әсер етуге болады, оның денсаулыққа, көңіл-күйге әсері мол. Әсіресе ыстық, мұздай құм, қиыршық тас, кілемше үстімен жүрген пайдалы. Асфальт, қыр, шлак, шөп, қылқанжапырақты ағаш жапырағы инелері, мұз да осындай әсер береді. Массажды қажетіне, мақсатына қарай жасау керек.

Ал оны сергіту, босаңсыту, қоздыру, тыныштандыру сияқты мақсаттарда жасайды. Әрбір шынығудан соң  аяқты бөлме температурасындағы сумен мұқият тазалап жуу керек. Ал шынығуды бірден емес, біртіндеп бастаған, үнемі жүргізіп отырған абзал. Ыстық пен суықты кезек қолдану ағзаның қоршаған ортаның жайсыз әсерлерге бейімділігін арттырады.

Ал мұндай шынығуды жаз маусымының басында бастаған абзал. Ол үшін маусым – шілдеде үйде жалаңаяқ жүруді әдет ету керек. Күніне екі мәрте 8-10 градустық суға аяқты салып отыру керек. Мүмкін болса, 50 минут ылғал құмды басып жүрген жақсы.

Ал тамыз – қыркүйек айларында осындай шынығуды жалғастыра отырып, арасында қарағай бүршігі мен жапырағының үстімен аздап жүріп тұрған жақсы.

Қазан – қарашада аяқты үйде ауыспалы ваннаға салған дұрыс. Сөйтіп бұрынғыдай жалаңаяқ жүргенді жалғастыру керек.

Желтоқсан – ақпан аралығында да жаттығу жалғасады. Арасында қақ суын пайдаланып ванна жасаңыз. Жылы бөлмеде аяқты қармен ысқылап тұру керек.

Наурыз айында да шынығу жоғарыдағыдай тәртіппен жалғасады. Тітіркендіру үшін қылқанжапырақты ағаш жапырақ-бүршігін, қар, тас, құм қолданған дұрыс.

Осының бәрі ағзаға жайлы әсер етеді, емдеп-сауықтыруда маңызды роль атқарады.

 

Н. ЖҮНІС.

http://www.zamana.kz/kz/auyrma-yz/2786-jazda-jalanaiak-jurgen-jaksy

Тегтер: жаз, жалаңаяқ, табан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.