Жол ережесін бұзған азаматқа 1,4 млн теңге айыппұл тағылған
Жол ережесін бұзған азаматқа 1,4 млн теңге айыппұл тағылған

"Алайда автоинспекторлар жүргізушіні тоқтатқан кезде ол талапты орындамай, оқиға орнынан із суытуға әрекет жасаған. Күдікті бұл ойын жүзеге асыра алмаған. Тексеру барысында 33 жастағы жүргізуші жалпы сомасы 1,4 миллион теңгеге 51 рет жол ережесін бұзғаны анықталды. Ол айыппұлдарды төлемей жүрген", - делінген хабарламада.Сонымен қатар, күдіктіге қатысты тағы 4 әкімшілік хаттама толтырылды: тоқтату туралы талапты орындамау, жалған мемлекеттік нөмір орнату, көлік жүргізу құқығынан айырылса да автокөлік жүргізу, сонымен қатар, көлік терезесін "қараңғылағаны" (тонировка) үшін. Бұл іске қатысты материал сотқа жолданып, Land Rover айып тұрағына қойылды