Анасы дүкен аралап жүрген қыздары үшін ұшақты тоқтатпақ болған

17 Мамыр, 2019 609 0

NewsROOM+. Spring Airlines әуе компаниясының жолаушысы әуежайдағы дүкендерді аралап жүрген қыздары үшін ұшақтың ұшып шығуын кешіктірмек болған. 

Хабарланғандай, оқиға Бангкок әуежайындағы ұшақта орын алған.  Ұшақ Қытайдың Шанхай қаласына ұшып шығуғы дайындалып жатқан. Осы кезде әйел  әуе кемесінің есігін жапқалы жатқан бортсеріктерге кедергі келтірмек болып, қыздарының дүкен аралап жүргенін айтыпты, деп хабарлайды Stan.kz  Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

Әйел қыздарының әуежай полициясына хабарласып, рейсті кешіктіруді сұрағанын айтқан. Нәтижесінде екі жолаушы да ұшудан бас тартты. Ал 160 жолаушы отырған әуе кмесі 30 минутқа бөгелген. 

Тегтер: SpringAirlines, әуекомпаниясы, ұшақ

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.