Жаңалықтар

Тәуелсіздікке қалай қол жеткіздік?

Тәуелсіздікке қалай қол жеткіздік?

 width= Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіз ел атанды. Оған дейін Кеңес үкіметінің боданында болған еді. Тәуелсіздікке қалай қол жеткіздік? 1986 жылы Алматыдағы Брежнев алаңында қазақ жастары бейбіт ереуілге шығады. Оның себебі қазақ жерін басқаруға Мәскеудің Геннадий Колбинді жіберуі еді. Наразылық білдірген халық әміршіл-әкімшіл үкіметтен "Қазақстанды қазақ басшы басқаруы керек" деген талап қояды. Алаңға жоғары оқу орындарының студенттері, мектеп мұғалімдері басқа да көзі ашық азаматтар қатысқан. Алайда, билік басындағылар әскер жіберіп, қазақтың жап-жас боздақтарына істемегенді істейді. Нәтижесінде, осы оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталады. 99 адам сотталып, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулы шығарып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Ресми деректен бұрын, қағазда аты жазылмай жоғалғандар, қаза тапқандар аз емес еді. Алаңға шыққан жастарды радиода, газет беттерінде, теледидарда "Алқаштар, нашақорлар" деп жарыса жазды. Десе де, Мұхтар Шаханов сынды рухты ұлт жанашырлары желтоқсан оқиғасындағы шындықты жасырудан қашқан емес. Бейбіт шеруде көз жұмған қазақ жастарының арасында: Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев сияқты қаһармандардың есімін ешкім ұмытқан жоқ. Ер есімі ел есінде! Ал кеңестік елдер арасында ең бірінші ереуілге шыққан Қазақстан өз тәуелсіздігін 1991 жылы ғана ала алды. Міне, содан бері 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күні. Мәулен ЖЕКСЕНБІ