Жаңалықтар

Сенсация: Кәріс киносы ең танымал фильмдер қатарына енді

Сенсация: Кәріс киносы ең танымал фильмдер қатарына енді

 width= Google 2020 жылдың ең танымал фильмдерінің тізімін жариялады, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Үздік ондықтың көшін оңтүстіккореялық "Паразиты" фильмі бастады. Картина "Үздік фильм" номинациясында "Оскар" сыйлығын алғаш рет иеленген оңтүстіккореялық фильм болып саналады.  width= Екінші орынды ұлыбританиялық режиссер Сэм Мендестің "1917" фильмі алды. Картинаның ерекшелігі үздіксіз планында, фильмде екі рет қана план ауысқандай монтаждалған. Ол 3 рет "Оскар" алған болатын, оның ішінде "Үздік операторлық жұмыс" номинациясы бойынша.  width= Үшінші орынды Стэн Ли Мен және Джек Кирбидің комикстері негізінде түсірілген "Черная пантера" иеленді. Басты рольде ойнаған актер Чадвик Боузман ауырып қайтыс болған еді. Интернет қолданушылары оның есімін Google-ден жиі іздеген. Бұл ең танымал іздеудің ондығына кірді. Үздік бестікті поляктың эротикалық фильмі "365 дней" мен "Заражение" фильмі қорытындылады. Сонымен қатар, үздік ондыққа "Довод", "Энола Холмс", "Хищные птицы: Потрясающая история Харли Квинн", "Мулан" және "Кролик Джоджо" фильмдері енді.