Вакцина коронавирусты жеңе алмайды
Вакцина коронавирусты жеңе алмайды
Австралиядағы Денсаулық сақтау және медицина ғылымдары академиясы (AAHMS) вакцина 2021 жылы коронавирус пандемиясын жеңе алмайды деп санайды, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ғалымдардың пікірінше, адамдарға вакцина салу көп уақытты алады. Сондықтан COVID-19 вирусын жұқтырудың алдын алу үшін басқа шараларды қабылдау керек. Сондықтан ғалымдар барлық шараны қатаң сақтауға кеңес береді. Оған жалпы тестілеу, өзін-өзі оқшаулау, карантин, арақашықтықты сақтау, маска тағу, вакцина алу кіреді.