Жаңалықтар

Қазақстан-Қырғызстан шекарасында 60 келіден астам героин тәркіленді

Қазақстан-Қырғызстан шекарасында 60 келіден астам героин тәркіленді

 width= Бұл туралы  Newsroom+ақпарат агенттігі  Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап хабарлайды. Инспекциялық-тексеру кешені мен «Джек» қызметтік иті арқылы Қырғызстаннан елімізге бағыт алған автокөлік ішінде ірі көлемде есірткі анықталды. Ұсталған азамат Жамбыл облысы ішкі істер департаментіне жеткізілді. Тәркіленген заттың салмағы – 60 келі 370 грамм. Оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша іс қозғалып, кінәлі тұлға абақтыға қамалды. Енді ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.