Талдықорғанда тәрбиешінің көз алдында бала екінші қабаттан құлап кетті (видео)

16 Мамыр, 2019 973 0

NewsROOM+. Талдықорғанда балабақшаның екінші қабатынан құлап кеткен сәби жан сақтау бөлімінде жатыр. Қыздың жағдайы бір қалыпты.

Оқиға кеше қалалық "Қарлығаш" балабақшасында орын алған. Тәрбиеші екі сәбиді ашық тұрған терезенің алдына тұрғызып қойған. Бүлдіршін терезе торына сүйеніп тұрып, екінші қабаттан құлап кеткен.

Балабақша тәрбиешісі екінші сәбиді де терезенің үстіне шығарған.

Талдықорған полициясының өкілдері баланың құлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Дәл қазіргі уақытта бүлдіршіннің жағдайы қалыпты. Тәрбиеші тексеру жұмыстары біткенше жұмыстан шеттетілген.

«Қазір қаладағы барлық балабақшаларда тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біз тәрбиешілерге де қауіпсіздік шараларын қайта түсіндірдік. Ал қорғаныс темірлерінің жоқтығына келсек, ол өрт қауіпсіздігіне байланысты алынып тасталған»,- деді қалалық білім бөлімінің әдіскері Салтанат Сағынқызы

Дереккөз: hola news

Тегтер: Талдықорған, балабақша, сәби

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.