Шоу бизнес: Жұлдыздардың карантині қалай өтуде?
Шоу бизнес: Жұлдыздардың карантині қалай өтуде?
Карантинде зеріккен отандық шоу-бизнес өкілдері құдық қазып, қора тазалауға кірісті. Көктем келе түрлі той-томалақтың төрінде ән айтып, мерекелік концерттерде бой көрсететін өнерпаздар тіл үйреніп, түрлі ас пісіруге машықтанып жатыр екен, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәселен, бұған дейін қолына оқтау алып көрмеген бикештеріміздің бірі, қамыр жайса, өзгесі шет тілін үйреніп, үйін әктеп, жасыл желектерді егуді қолға алыпты.
КОВИД-19 еліміздің шоу-бизнес өкілдерінің де жоспарларына түзету енгізгені белгілі. Тойдан қыруар қаржы тауып, инстаграмнан түспейтин силебрити қазір төрт қабырғаға қамалып, отбасымен бірге уақыт өткізуге мәжбүр.
«Бағдаулет карантин қалай өтіп жатыр. Құрметті көрермен, сіздер де қалай өтіп жатыр? Бізде осылай. Үйдің ауласына шықпаймыз, кішігірім құм ойнайтын жасап алдық, ең бастысы аман болайық!", деді әнші Дос.
Белгілі әнші Мадина Сәдуақасова инстаграмдағы оқырмандарына алғашқы рет нан жайғанын ашып айтыпты.
«Алғашқы жайылған наныма пост арнадым!», - деді Мәдина Сәдуақасова.
Осылайша, карантин шоу-бизнес саласындағы талай қыз-келіншектің жаңа қырларын ашуда. Олар шетінен аспаздық өнерлерін паш етіп, бірінен кейін бірі өз қолдарынна шыққан тағамдарымен халықты тамсандыруда. Тіпті, өзара жарысып, түскендей көрінеді.
"Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз. Соның барлығы карантинде болып жатыр. Бүгін бізде ет тағы. Ренжімеңіздерші!", - деді Ерке Есмахан.
Ал Мөлдір Әуелбекова туған-тусқандарымен бірге жасыл желектерді отырғызып, балалармен көңілді күн өткізіп жатса, Айгүл Иманбаева шет тілін оқуға ден қойыпты.
Ал, кейбір әншілер болса бір-біріне челлендж жолдап, ән айтып, биден жарысып, сайысқа түсуде.
Нұрболат Абдуллин ауылын қатты сағынған сыңайлы. Атқа мініп, көктемгі төлдерді, қорадағы қозы-лақтарын түгендеп жүр.
«Карантин деп күйзеліске түсудің қажеті жоқ! Бұл да өтпелі. Мүмкіндігінше балаларымызға кітап оқытып, спортпен шұғылданып, жақсы киноларымызды көріп, уақыт нәрсе. Құдайым ұзақтан созылудан сақтасын! Өзім жаңа әндер жазып, туындылар дайындап жатырмын», - деді Нұрлан Әлімжан.
Осылайша, өнер жұлдыздарын өзге қырынан таныдық.