"Қазақ болып туғаныма мақтанамын": Димаш туған еліне алғыс айтты

16 Мамыр, 2019 660 0

NewsROOM+. Димаш Құдайберген қазақ болып туғанына мақтанатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz. 

Димаш Құдайберген Мәскеудегі Кремльде өткен кешінде қазақ болып туғанына мақтанатынын жеткізіп, қазақ халқына алғыс айтты. Ұлтының ұлы болып туған ол барша қазақты жақсы көретінін жасырмады

"Шын жүрегімнен ұстаздарыма, ата-анама, ғажап, ұлы қазақ халқына рахмет айтқым келеді. Достар, мен қазақ болғаныма мақтанамын", - дейді өнер иесі.

"Не деген отаншылдық, ұлтшылдық. Қазақтар сендерге қызғанышпен қараймын. Қырғыз болмағаны өкінішті. Димаштан үлгі алыңдар. Ол ғажап адам", - деп қызғаныш білдіргендер де болды.


Тегтер: ДимашҚұдайберген, әнші

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.