COVID-19: 8 мың дәрігерге 13 миллиард теңге бөлінді
COVID-19: 8 мың дәрігерге 13 миллиард теңге бөлінді

"Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес үш тәуекел тобы анықталды – өте жоғары, жоғары және орташа деңгей. Осы тәуекел топ қатарында еңбек еткен 8 мың медицина қызметкеріне төлем жүргізілді. Оның жалпы сомасы 13 миллиард теңгені құрады", – деді Рүстемова.Жәрдемақы алғандар санатында дәрігерлер мен жұқпалы аурулар ауруханаларының орта медициналық және кіші медициналық қызметкерлері, науқастарды емдеуге қатысқандар, жедел жәрдем көлігі, мобильді топ өкілдері бар. Сондай-ақ, олардың арасында уақытша ауруханалар мен бөлімдердің медициналық қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілері де енген. Айта кетейік, бірінші тәуекел тобының медицина қызметкерлері – 850 мың теңге, екінші топқа – 425 мың теңге, ал үшінші топқа – 212 мың теңге көлемінде жәрдемақы алды.