Семейлік мұғалімдер мектеп түлегіне пәтер сыйлады

16 Мамыр, 2019 578 0

NewsROOM+. Семейдің Назарбаев зияткерлік мектебінің ұжымы 19 жасар студент Еркежан Ерсінқызына бір бөлмелі пәтер алып берді, деп жазады Semey Aynasy.

Қыз жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік және патронаждық қолдау көрсету туралы келісім бойынша баспанаға ие болды.

Мектеп ұжымы пәтер сатып алу үшін тұрғын үй жинақ қорына 2013 жылдан бастап 6 жыл бойы ақша аударып отырған.

19 жасар Еркежан Ерсінқызы 12 жасында тұл жетім атанған. Сәби уақытысында әкесінен, кейінірек анасынан айрылған. Соңғы бес жылда қыз туыстарымен бірге тұрыпты.

Қазіргі таңда Еркежан Ерсінқызы Аягөз қаласындағы политехникалық колледжде оқиды.  

Тегтер: семей, мектеп, пәтер, баспана, студент, Назарбаевзияткерлікмектебі

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.