Ләззат Асанованың анасы: оны Алматыға жетектеп әкелмес едім ғой...
Ләззат Асанованың анасы: оны Алматыға жетектеп әкелмес едім ғой...

Сөйтіп артынша Рамазан деген курстасынан «Қалай болды? Сен көрдің бе? Шындығыңды енді айтсаң» деп өтініп сұрадым. «Ұшып өлді. Қатысқанымыз да рас. Барғанымыз да рас. Бірақ Ләззатты үш-төрт күндей жоғалтып алдым, оны көре алмадым. Сосын келіп, «Маған жала жауып жатыр. Барған 4-5 адамның тізімін берсең, біз сені еркіңе жібереміз» деп мені қинады. Бірақ мен айтпадым» деді» деп шындықты айтты Рамазан. Сөйтіп кішкене де болсын жеңілдеп қалдым. Жарайды, ұшса ұшып өлген шығар. Бірақ Ләззат — желтоқсанның құрбаны. Жаланың бәрін көтере алмай кетті ме? Оған не көрсетпеді? Оны мен білмеймін ғой. Неге ол 3-4 күн жоқ болып кетеді? Азапқа қор болған бала мүмкін өз-өзіне қол жұмсаған да шығар. Бұл үлкен құпия. Басында «ұшып өлуі мүмкін бе? Неліктен басы ғана жарылады?» деп ойладым. Бесінші қабаттан секірген баланың бір жері сынып, не көгерер еді ғой. Осының бәрі әлі күнге дейін мен үшін үлкен құпия», — дейді Алтынай Асанова.Анасы мен қызының арасындағы махаббат ерекше болған.
«Ләззат мені қатты жақсы көрді. Мен оны қатты жақсы көрдім. Екеумізді құдай бір-бірімізге сондай жақын етіп қойды. Ауылға келгенде сабағы туралы әңгімелейтін. Оған ауыр жұмыс істетпей, домбырасын шерткізіп отыратынмын. Өнер жолын таңдауына қарсы болсам, оны Алматыға жетектеп әкелмес едім ғой. Қарғадай баламды алып келгеніме өкінемін…» — деді Алтынай Асанова.