7 жасар қазақстандық қыз «Кішкентай Әлем аруы – 2019» атанды

16 Мамыр, 2019 469 0

NewsROOM+. 7 жасар қарағандылық қыз «Кішкентай Әлем аруы – 2019» байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Stan.kz, Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

Бас жүлдемен қатар, Аишаға Best of the best және Miss Talent атақтары берілген. 

Байқау Бодрумның орталығында өтті. Биылғы жылы байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен 7-12 жас аралығындағы 30-ға жуық қыз қатысқан. 

Аиша үшін бұл алғашқы жеңісі емес. Ол бір жарым жыл бұрын «Кішкентай Қарағанды аруы», артынша Mini Miss Grand Prix Russia 2018 атанған еді. 
Аиша байқауда лезгинка билеп, өнерімен көпшілікті тәнті етті. Тіпті, көрермендер бастапқыда оны ұл деп ойлап қалған.

 «Оның қыз екенін бәрі бірден түсінбей қалды. Себебі басында ер адамның шашы болды ғой. Өзінің шашын жасырып қойдық. Басындағы жасанды шаш ұшып түскенде, бәрі қайран қалды», - дейді қыздың анасы Зарина Әбенова.

 Ал кішкентай Аишаның өзі байқауға жеңіс үшін барғанын айтады.

«Жеңетінімді нақты білмедім. Алайда қатты қобалжыдым. Жеңіс үшін бардым. Өте қуаныштымын. Дәл қазір тезірек үйге қайтып оралып, отбасым мен достарымның ортасында болғым келеді», - дейді Аиша Әбенова.



Тегтер: КішкентайӘлемаруы–2019, жеңімпаз

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.