Жүкті келіншектер жалаңаштанып суретке түсуде
Жүкті келіншектер жалаңаштанып суретке түсуде

Балнұр ҚУАНТАЙ, визажист «Біріншіден, мен ол жерде жалаңаш түскен жоқпын, ішім ашық болғаны болмаса, былай көз тиеді деген заттан біз өзіміз қорқамыз. Мен соңына дейін көрсеткен жоқпын, баланы босанып, адам болып кішкене, өзімізге келгеннен кейін ғана барып, инстаграмға салып, достарыммен жақын адамдармен бөлісіп, елге жарияладық».Балнұрдың бал жайнаған жүзін көріп жолдасы да қоштай түскен. Десе де үй үлкендері жақтай қоймады. Көз бар, сөз бар дегендей Иә үлкендер үшін таңсық болуы мүмкін. Бірақ арулар үшін естен кетпес естелік. Мәселен, Жансая осыған дейін 60-қа жуық жүкті келіншекке фотосессия жасаған.
Жансая ҚАНАЙҚҰЛОВА, фотограф: «Бұл 2018 жылдан бері Бейонсе бастағаннан әлемдік тренд болып кетті. Жүкті әйелдер осындай вок стильда дейді ғой сондай матамен или боди сондай стильда фотосессия жасағанды ұнатады». Дегенмен қоғам белсендісі құрсағын жалаңаштап жұрттың көзінен жасқанбайтын жастарға ренішін білдірді. Тренд деп жүріп менталитетімізден айырылып барамыз деген пайымда.
Қарлығаш БЕКПАТША, қоғам белсендісі: «Аяғы ауыр келіншектің қарнын ашып суретке түсуі деген, бұл енді тіптен мәдениеттің төмендігенінің бір түрі шығар. Ол бір жай үрлеп қойған қарын емес, оның ішінде ұрпақ бар ғой. Бала бар. Ол баланың келешегі бар. Ол өзін ойламаса да, баланың келешегін ойлау керек қой. Сол жалаңаш түскен сурет баланың өмірлік келешегіне балта кесуі де мүмкін».Иә, бұрындары жүкті екенін жариялап фотоға түспек түгілі аналарымыз 9 ай бойы құрсағын бөтен көзден жасырып ұстаған еді. Ал қазір заман да көзқарас та өзгерген. Кез келген жаңашылдықтың жақсы жағын ғана қабылдаған жөн дейді маман.