Жаңалықтар

Сайрамдық кәсіпкер 2 млн.теңгенің демеушілігін көрсетті

Сайрамдық кәсіпкер 2 млн.теңгенің демеушілігін көрсетті

Түркістан облысы Сайрам ауданында «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі, кәсіпкер Сихымбай Уалиханұлы «Біз біргеміз!» акциясы аясында 2 млн. теңге қаржы бөліп, қайырымдылық танытты. Аудандық мәслихат депутаты акция барысында жалғызілікті қарттар мен аса қамқорлықты қажет ететін азаматтарға тұрмысқа қажетті заттар және азық-түлік пен ет өнімдерін жеткізді. Яғни осылайша бір күнде 70 отбасыға көмек берілді. Өз кезегінде кәсіпкер Сихымбай Уалиханұлы "Тұтас Қазақстан ауыр індетке қарсы күресіп жатқан сәтте елге көмектесуді азаматтық әрі перзенттік парызым деп білемін. Елбасы өз үндеуінде кәсіпкерлерге маңызды ой тастады. Біз бірігіп, бұл қиындықты жеңіп шығамыз», - дей келе, әріптестерін игі бастаманы қолдауға шақырды.