Ақтөбе облысында 125 балабақша мен шағын орталықтар ашылады
Ақтөбе облысында 125 балабақша мен шағын орталықтар ашылады

Қазір мен бала тәрбиесімен үйде отырмын. Келер жылы үлкен қызым үш жасқа толады. Балабақшаға бергіміз келеді. Сол үшін қаламыздағы балабақшаларда балалардың қауіпсіздігі үшін барлық жағдай жасалса дейміз. Себебі әрбір ата-ана алдымен баласының амандығын тілейді, - дейді ол.Ал Ақтөбе қаласының тұрғыны Темірбай Сейітовті білім беру саласындағы жаңашылдықтар мен өңірде алда атқарылатын жобалар қызықтырады.

Үгіт-насихат жұмыстары басталғаннан бастап біз, мәслихат депутаттығына үміткерлер, көпшілік орындарға, бірқатар отбасыларға барып, кездесулер өткізіп, партияның облыстық сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп жатырмыз. Осы орайда тұрғындар тарапынан тұрғын үй, білім беру, денсаулық сақтау саласына қатысты сауалдар көп түсуде. Осы аптада қала шетіндегі Рауан тұрғын үй алабында тұрғындармен кездесіп, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдап қайттық, - деді Алмагүл Бекенова.Айта кету керек, партияның сайлауалды бағдарламасына сәйкес алдағы бес жылда облыста 30 ірі кәсіпорын ашылып, 100 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылады. 104 ауылдың 28 мың тұрғынына газ жеткізіледі. 43 медициналық ұйымды салу және жөндеу арқылы 15 мың ауыл тұрғыны үшін денсаулық сақтау жүйесінің сапасы мен қолжетімділігі артады.
