"Сау бол, Байзақова": Басына ақ орамал таққан Айжан жұртқа ұнап қалды

15 Мамыр, 2019 791 0

NewsROOM+. Атышулы Айжан Байзақованың келін атанып, тұрмысқа шыққан сәтінді түсірілген видеосы желіде тарады, деп newsroom.kz, stan.kz сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желідегі парақшаларда Айжан Байзақованың келін болып, басына орамал таққан бейнежазбасы таралды.

Бейнежазбада Байзақова орамал тағып алған. Үлкен кісілер атышулы аруды бірінен кейін бірі келіп сүйіп жатты. Арасында Айжан бетін де сүртіп қояды. Видео ішінде үлкендердің де сөздері естіліп тұр.

"Екі жас бақытты болсын", - деп тілек білдіріп жатты бейнежазбада.

Желідегілердің айтуынша бұл блогердің сырға салу салтанатынан естеліктер екен.


"Сау бол, Байзақова", - деген жазумен тараған бейнежазбаға пікір қалдырғандар көп болды. Олардың басым көпшілігі атышулы блогерге бақыт тілеген.

"Негізі Айжан жақсы қыз. Одан жақсы ана, жақсы келін шығады", "Келін болдың енді клубта ұятты жерлеріңді көрсетпе, бақытты бол", - десті олар. Алайда желі қолданушыларының арасында мұны Айжан Байзақова емес, басқа қыз дегендер де болды. 

Тегтер: АйжанБайзақова, блогер, келін, социум

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.