Елорданың дәл ортасынан жағымсыз иіс шығып жатқаны рас па?
Елорданың дәл ортасынан жағымсыз иіс шығып жатқаны рас па?

Ардақ Бөкенова қала тұрғыны: "Левый берегтің қақ ортасында отырмыз, цирк қасында мынадай запахпен қалай, қала репутациясына нұқсан келтіреді. Тереземізді аша алмасақ, балаларынымзы далаға шығармасақ, бұл қалай?. Бұл проблеманы шешпесе, өте қиын жағдай болады".Жұрт шағым айтып бармаған жеріміз жоқ дейді. Алайда, олардың зарын еститін құлақ табылмаған.
Өмірхан Әбу қала тұрғыны: "Бір күннің ішінде 30-40 машинадан келіп төгіп жатыр. Мұны қалай тоқтату керек? Акиматқа, прокуратураға хат жаздық. Бірақ біздің хатымызды қарап жатқан жоқ".Қаланың қақ ортасындағы Шұбар ықшам ауданында жұрттың дені жер үйде тұрады. Көбі орталық кәріз жүйесіне қосылмаған. Айына 20-25 мың төлеп, ассенизаторлық көлік шақырады. Бұрын машиналар бірнеше шақырым жердегі станцияға қатынайтын. Кейін ол жерге 12 қабатты үй мен автотұрақ салынып, кәріз станциясын әкімдік осында көшірген.