Тоқаев тағы бір заңға қол қойды

Тоқаев тағы бір заңға қол қойды

- Жеке тұлғаларға зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланған кезде жеке табыс салығын төлеу мерзімін ұзарту құқығын беру, сондай-ақ оны есептеу, ұстап қалу және төлеу тәртібін айқындау;
- пандемиядан зардап шеккен секторларда жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілеріне айналымнан бөлшек салық төлеу құқығын беру үшін бөлшек салықтың арнайы салық режимін енгізу;
- ағымдағы жылдың соңына дейін Үкімет белгілеген қызмет түрлерінің тізбесі бойынша экономиканың неғұрлым зардап шеккен салаларындағы микро-, шағын және орта бизнес субъектілеріне бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салық сомасын есептелген әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдар сомасының арасындағы айырма ретінде белгілеу құқығын беру;
- жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық және жеке тұлғалардың жер салығы бір төлемге біріктіріледі, көппәтерлі үйлердің тұрғындары үшін жер салығын төлеу тоқтатылады;
- көлік салығын төлеу мерзімін ағымдағы жылдың 31 желтоқсанынан келесі жылдың 1 сәуіріне ауыстыру;
- жеке тұлғаларға қызметтер мен тауарларды электронды түрде сататын шетелдік интернет-компаниялар қосылған құн салығын төлеуге міндетті болады ("Google салығы")