14 желтоқсаннан бастап блок бекеттер қайта орнатыла ма?
NewsRoom
14 желтоқсаннан бастап блок бекеттер қайта орнатыла ма?
Қазақстан үкіметі әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа түсініктеме беріп, ел тұрғындарын ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа ғана сенуге шақырды, деп Newsroom+ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Мессенджерлерде Қазақстан өңірлерінде 14 желтоқсаннан бастап карантин енгізіліп, блок бекеттер орнатылатыны туралы ақпарат тарады. Фотода премьер-министрдің атынан облыс әкімдеріне жолданған хат көрсетілген.
"Бұл хабарлама шындыққа жанаспайды, құжаттың фотосуреті жалған. Қазақстанның өңірлері мен қалаларында 14 желтоқсаннан бастап блок бекеттер орнатып, қозғалысты шектеп, қатаң локдаун енгізу жоспарланып отырған жоқ",- деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ үкімет қазақстандықтарды ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа ғана сенуге шақырды.