Шымкент әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

11 Маусым, 2018 1493 0

Шымкент әкімі Нұрлан Сауранбаев өзінің жерлесін әкімдіктің аппарат басшысы етіп тағайындады деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі.

Жаңа басшыға қала әкімі Нұрлан Сауранбаев жұмысына сәттілік тілеп, жаңа міндеттер жүктеді.

Алтай Сембекұлы 1985 жылы 3 мамырда Жамбыл облысы, Жаңатас ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары, экономика ғылымының бакалавры. Мемлекеттік тілмен қатар орыс, түрік, ағылшын тілдерін жетік меңгерген.

Еңбек жолы 2005 жылы Қазақ-Австрия АҚ-ның "Рахат" бірлескен кәсіпорны "Рахат Палас Отель " қонақ үйінің байланыс орталығында қарапайым қызметкер болудан басталған.

2010-2011 жылдар аралығында "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның субсидиялау департаментінің менеджері болып жұмыс жасаған.

2014 - 2015 жылдар аралығында Астана қалалық сотының бас маманы, жылдар аралығында ҚР Премьер-Министрінің Сыртқы байланыстар басқармасының және хаттама бөлімінің сарапшысы, кейіннен ҚР Премьер-Министрі Хатшылығының бас сарапшысы лауазымына дейін сатылай өскен.

Соңғы қызмет орны - 2016 жылдан бүгінгі таңға дейін ҚР Премьер-Министрі Өңірлік даму бөлімінің бас консультанты болып қызмет атқарған.


Дереккөз: Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Тегтер: шымкент, әкім, әли, алтай, тағайындау, сауранбаев

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.